Переводческое агентство в Алматы

Жазбаша аударма

Біз шетел тілдерінен/тілдеріне кез келген тақырыптама бойынша жазбаша аударымдарды жасаймыз, соның ішінде:

Жалпы сипаттағы құжаттарды жазбаша аудару – іскерлік және жеке хат алмасу, дипломдар, төлқұжаттар, аттестаттар, анықтамалар, сертификаттар және т.б.;

Экономикалық жазбаша аударма – ғылыми мақалалар, экономикалық болжамдар және т.б.;

Банктік жазбаша аударма – инвестициялық меморандумдар, валюталық реттеу, қаржыландыру бойынша есептемелер, қызмет көрсету келісімшарттары және т.б.;

Қаржылық жазбаша аударма – бухгалтерлік есептемелер, баланстар және т.б.;

Заңгерлік жазбаша аударма – шарттар, келісімшарттар, сенімхаттар, тендерлік ұсыныстар, құрылтай және тіркеу құжаттары, сертификаттар;

Техникалық жазбаша аударма – жобалық және нормативтік құжаттама, пайдалану жөнінде нұсқаулар, жабдықты монтаждау, ретке келтіру, жөндеу жөніндегі нұсқаулықтар, жабдық пен материалдар каталогтары және т.б.;

Медициналық жазбаша аударма – анықтамалар, үзінді көшірмелер, мақалалар, медициналық жабдыққа нұсқаулықтар, фармацевтика, хирургия, гендік инженерия саласынан және т.б. аудармалар;

Мұнай-газ саласының құжаттамасын аудару – тендерлік құжаттама пакеттерін дайындау, мұнай және газ кен орындарын қазбалау бойынша құжаттарды аудару, қауіпсіздік техникасы, мұнай-газ жабдығына қызмет көрсету және жөндеу бойынша құжаттарды аудару, мұнай-газ саласының экономикалық әрі заңгерлік және т.б. құжаттарын аудару.

құжаттарды жазбаша аудару үшін бағалар